Алматы · Ақбұлақ

Балаңыз асығып баратын балабақша

1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ниет 7» жеке балабақшасы. Тек қазақ топтары, бес мезгіл тамақ, мектепке дайындық және бейнебақылау — бәрі бір жерде.

  • 1,5–6 жас
  • Тек қазақ топтары
  • Әр топта 20 балаға дейін
4,7 2ГИС-тегі 64 баға
Ниет 7 балабақшасының топ бөлмесі
Шатыр астындағы серуендеу алаңы
5×
Күніне 5 мезгіл тамақӨз асханамыз
●
БейнебақылауМедбике бар
4топ
≤20бала әр топта
5мезгіл тамақ
7:3018:00-ге дейін
10жыл тәжірибе
10+қызметкер

Ата-анаға

Ата-ананы алаңдататын сұрақтарға — нақты жауап

Баланы бөгде адамдарға сеніп тапсыру оңай емес. Сондықтан бізде бәрі ашық: келіп, көріп, сынақ күнінде өзіңіз көз жеткізе аласыз.

Балам қауіпсіз бе?

Балабақшада бейнебақылау жүйесі және төтенше жағдайларға арналған қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Балабақшада медбике жұмыс істейді.

Дұрыс тамақтана ма?

Күніне бес мезгіл тамақ. Жеке асханамыз бен өз аспазымыз бар — тамақ осы жерде дайындалады.

Мектепке дайын бола ма?

Арнайы мектепке дайындық бағдарламасы бар — бала бірінші сыныпқа сенімді қадаммен барады.

Ана тілінде сөйлей ме?

Барлық топ тек қазақ тілінде. Бала күні бойы қазақша ойнайды, сөйлейді және үйренеді.

Топта бала көп пе?

Әр топта 20 балаға дейін. Барлығы 4 топ: 4 тәрбиеші мен 2 тәрбиеші көмекшісі балаларға толық көңіл бөледі.

Үйіміз алыс болса ше?

Балаларды тасымалдау қызметі (развозка) бар — жол алыс болса да, мәселе жоқ.

Үйірмелер

Бала өз қызығушылығын осында табады

Күнделікті сабақтан бөлек — спорт, техника, тіл және өнер. Бала күш-қуатын пайдалы іске жұмсайды.

  • 01Каратэ
  • 02Таэквондо
  • 03Робототехника
  • 04Ағылшын тілі
  • 05Музыка
Жазғы лагерьЖазда да бала қызықты демалыспен қамтылады.
Мерекелік іс-шараларМерекелерді балалармен бірге көңілді атап өтеміз.

Пікірлер

Ата-аналар не дейді

Бұл — 2ГИС-те ата-аналар қалдырған шынайы пікірлер.

4,7
★★★★★
2ГИС-тегі 64 баға
★★★★★

Балабақша барлық стандартқа сай. Мықты білім ордасы. Тәжірибелі тәрбиешілер. Қызым балабақшаға таңертең қуанып кетеді, көңілді қайтады. Неше түрлі іс-шаралар өтеді. Бала түгілі өзім белсенді қатысуға тырысамын.

А
Ата-ана2ГИС · 3 шілде 2025
★★★★★

Өте жақсы балабақша балаларым тез үйреніп кетті осы балабақшаны таңдағаныма өкінбеймін тәрбиешілері де өте керемет. Іс-шараларды да жақсы деңгейде ұйымдастырады 👍👍👍

А
Ата-ана2ГИС · 8 маусым 2026
★★★★★

Менің ұлым демалыс күндері де балабақшаға сұранады, іс шаралар жиі ұйымдастырылады, тәрбиешілері өте жақсы

А
Ата-ана2ГИС · 4 шілде 2025
★★★★★

Кызым 2ай болды барып жур адаптация болган жок жыламай кунде озы барады Апайларга Рахмет кунде ар турлы Ис шаралар жасайды

А
Ата-ана2ГИС · 15 қыркүйек 2026
★★★★★

Өте керемет балабақша. Тәрбиешілері білімді, білікті жандар. Әрқашан балабақшада қызықты, танымды, пайдалы, іс шаралар өткізіп тұрады. Рахмет сіздерге, жұмыстарыңыз алға өрлей берсін ❤️❤️❤️

А
Ата-ана2ГИС · 3 шілде 2025

Баға

Ай сайынғы төлем

Баға баланың жасына байланысты. Сұрақтарыңыз болса, WhatsApp-қа жазыңыз — жауап береміз.

1,5 – 2,5 жас
60 000 ₸-ден
айына
2,5 – 6 жас
50 000 ₸
айына
%
Отбасынан 2–3 бала — жеңілдікБір отбасынан бірнеше бала келсе, төлем азаяды.
1
Сынақ күніБалаңыз бізде қалса — сынақ күні тегін. Қалмаса — ақылы.

Ұжым

Балаңызға қамқор болатын адамдар

Әр маман өз ісін біледі: тәрбие, тамақ, денсаулық және тазалық — бәрі бақылауда.

1
Меңгеруші
4
Тәрбиеші
2
Тәрбиеші көмекшісі(няня)
1
Медбике
1
Аспаз
1
Аула қызметкері
1
Музыка жетекшісі
1
Каратэ бапкері
1
Ағылшын тілі мұғалімі
1
Әдіскер
1
Директор
Лицензиясы бар балабақшаБіз ресми лицензиямен жұмыс істейміз.

Байланыс

Келіп, өз көзіңізбен көріңіз

WhatsApp-қа жазыңыз — баланың жасына қарай топ пен бос орын туралы айтып береміз.

МекенжайАлматы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ы/а, Сергазин көшесі, 10
Жұмыс уақытыДүйсенбі – Жұма: 7:30 – 18:00
Сенбі, Жексенбі: демалыс
Телефон+7 707 870 98 68
WhatsApp-қа жазу